01
октябрь
2021
1 октябрь қарт күні
Посмотреть онлайн файл: 1-azan_arttar-kn-men-stazdar-merekes-2021zh.docx
1 октябрь – Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс - шара
1 - жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, педагогтар және149 бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушілері!
«Қарттарым – асыл қазынам» атты бүгінгі мерекемізді ашуға рұқсат етіңіздер.
Қарттарым жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Оқитын келешекте бір - бір дастан.
Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,
Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.
Тербедің көктем бағын самал болып
Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,-
деп асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып аман - есен жүре беріңіздер.
1 - октябрь Қарттар күнімен қатар келген Ұстаздар мерекесі құтты болсын. Ендеше қос қуанышқа арналған мерекелік кешімізге қош келіңіздер!
2 - ведущий: Уважаемые гости! Дорогие
наши бабушки и дедушки – все те, кого чествуют 1 октября – в международный день пожилого человека! Поздравляем вас с этим ежегодным событием. Мы искренне уважаем и любим ваше поколение за удивительное трудолюбие, мудрость и неиссякаемый оптимизм, за стойкость, с которой вы научились преодолевать любые трудности и невзгоды. спасибо вам за желание делиться своим огромным жизненным опытом, за вашу заботу, поддержку и любовь. Желаем вам здоровья, долголетия, благополучия, теплоты и внимания близких. пусть они радуют вас, а неурядицы обходят ваш дом стороной! будьте счастливы!
Встречайте на сцене группа Шағала
1 - жүргізуші:
Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Олай болса осында отырған
апаларымыздың мейрамы құтты болсын!
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке.
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді,
Өмір - думан, бақ әкелсін мереке!
Олай болса мерекелік сағатымызды ашу құрметін 149 бөбекжай балабақша меңгерушісі Орманбекова Ш.Б береміз.
2 - ведущий:
Сколько прожито лет?
Мы не будем считать
Очень хочется нам
В этот день пожелать
Не стареть, не болеть, никогда скучать
И еще много лет этот праздник встречать
1 - жүргізуші:
Ұстаз мейірімі-Ана мейіріміне пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.
Куншуақ тобы тәрбиеленушілері ортада.
1 - жүргізуші:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Сөз кезегін балабақшамыздың әдіскері Ахметова А.А береміз.
1 - ведущий: Сегодня славим седину
Усталые морщинистые руки
А ведь бывало в старину
Не знали эти руки скуки
Вся ваша жизнь наполнена трудом
Теплом души и радостью согрета
Да поглядите, поглядите вы кругом
Милее лиц не видела планета.
И пусть гуляет осень на дворе
И мир перелистнул страницу века,
Как хорошо, что есть в календарях
День пожилого человека.
1 - жүргізуші:
- Өмір ырғақ, нәзік әуен, асқақ үн, айдын, дала аспан - үн!
- Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
- Ей, адамзат, бас әуенге, қос әнге,
- Шырқат биік тіршіліктің дастанын!!
Ән «Тәрбиеші»
1 - жүргізуші:
Октябрьның 1 - і - халықаралық қарттар күні Бас ассамблея 1990 жылы 14 декабрьда 1 октябрьды халықаралық қарттар күні есептеуге деп қаулы етті. Бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында қарттар күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 80 - жылдардың аяғында барлық әлемде атап өтетін болды. 1993 жылы 15 июньда Қазақстан республикасының президентінің жарлығы бойынша біздің елімізде Қарттар күні аталатын болды.
2 - ведущий: В 1990 году сессия Генеральной Ассамблеи ООН постановила считать 1 октября Международным днем пожилых людей. Указом Президента Республики Казахстан от 15 июня 1993 года учрежден День инвалидов РК - это второе воскресенье октября. Поэтому в октябре в регионе стало традицией проводить месячник по социальной поддержке пожилых людей и инвалидов.
2 - ведущий:
Для нас загадка – Ваши годы
Всегда вы чудно хороши
Желаем в жизни все невзгоды
Сметать усилием души
Ваш лозунг – жить, презреть усталость
Наверно, силу вам даёт
И чтоб загадка оставалась, -
Вы молодейте каждый год.
1 - жүргізуші:
Біздің мемлекетімізде де бұл мерекені октябрь айының алғашқы жексенбісіне белгілеген. Дәлірек айтсақ, мұғалімдер күні 1965 жылы 29 сентябрьте КСРО жоғарғы кеңесі президумының бұйрығымен октябрь айының алғашқы жексенбісіне қойылған. Сондай-ақ 1966 жылы 5 октябрьда ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері "Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар" құжатына қол қойған. Ұстаз деген — бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды — келер ұрпаққа тәрбие береді.
«Ботақан» тобын ортаға шақырамыз.
2 - ведущий:
Закон природы так суров
Бегут года в потоке века
Как много есть прекрасных слов
Чтобы поздравить человека
Но мы не ищем этих слов,
А просто от души желаем:
Здоровья, счастья и цветов
И жить все 100 не унывая.
НА сцене группа «Балдырған»
1 - жүргізуші:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара –
пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!- деп сөз кезегін бөбекжай балабақшамыздың қариясы, құрметті де ардақты ұстазымыз Рая Кунтуарқызына береміз.
2 - ведущий:
Не страшны вам года
Хоть волосы седые
Коль сохранили навсегда
Вы чувства молодые.
Рецепта долголетья нет -
Хотя мы все о нём мечтаем.
Здоровья, счастья, долгих лет
От всей души мы вам желаем.
Следущее слово предоставляется заслуженнуму сотруднику нашего садика Атиркул апай.
1 - жүргізуші:
Ата күні - әже күні әлем күні
Әлемде тербелінді ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны
Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.
2 - ведущий:
Давно перевалило за полвека
Давно виски покрылись серебром
У самого родного человека
Кому сегодня низко бьём челом.
За то, что безвозмездно подарили
Заботу и любовь
За то, что рядом шли
И хочется вам всем вернуть с лихвою
Всё то тепло, что греет нас в пути.
Жить на земле уж право стоит
Так дай вам бог ещё по ней идти.
1 - жүргізуші:
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата - бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл - кеңестеріңіз, тәлім - тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп - өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.
1ведущий: Праздник наш уже кончаем
Что же вам ещё сказать
Разрешите на прощанье
Вам здоровья пожелать
Не болейте, не старейте
Не сердитесь никогда
Вот такими молодыми
Оставайтесь навсегда
1 - жүргізуші:
Қарттар - біздің асыл қазынамыз!
Бүгінгі күні мектебімізде қарттар күніне орай кеш өткізілді. Кешке бақшада бірнеше жыл еңбек етіп, енді бейнетінің зейнетін көріп отырған қарт ардагерлеріміз қонақ болды. Кештің құрметті қонақтарына арнап әсем әуендер шырқалып, игі тілектер айтылып жатты.
Ардақты да, асыл қазынамыз - қарттарымыздың көңілдеріне қаяу түсірмей, әрқашанда мерейлерін асқақтатып жүре берейікші дегім келеді!
2 ведущий:
Вот настал момент прощанья
Будет краткой наша речь
Говорим мы «До свиданья!
До счастливых, новых встреч»
1 - жүргізуші:
Сіздер барда артады берекеміз,
Хорошийлықпен қашанда тез өсеміз.
Керегеңіз кеңінен қанат жайып,
Тарқамасын әрдайым мерекеңіз.
Мерекеңіз құтты болсын асыл жандар,
Келеріне білген әрқашан биік заңғар.
Күш - қуат, асыл - сана тірек болып,
Сіз үшін ата берсін бақытты талай таңдар!