«Аяулы анашым!» атты 8- наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік. «Шағала» мектепалды даярлық тобы » ГККП "Ясли сад №149"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№149 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 382-84-61
Әдіскер:
+7(727) 382-84-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Аяулы анашым!» атты 8- наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік. «Шағала» мектепалды даярлық тобы
05
наурыз
2020

«Аяулы анашым!» атты 8- наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік. «Шағала» мектепалды даярлық тобы

«Аяулы анашым!» атты

8- наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік.

Аналарды сүйеміз!

Сөзін ойға түйеміз.

Әрқашан біз ардақтап,

Әжеге бас иеміз!

Сенен өскен балалар-

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Кұрметті апа, аналар!

Жүргізуші:Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпыраған қыздар!

Гүл көктем, ару көктем, күн көктем!

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз!Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер! Балалардың сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке?

Балалар ең асыл жан кім?\Ана\

Қызығыңда,бұзығында көтеретін кім? \Ана\

Үнемі жанында періштедей қорғаштап,демеу беретін кім? \Ана\

Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар\

Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \

Ендеше бәріміз орынымыздан тұрып аналарға арнап ән айтамыз.

Ән «Апатайым анашым»Хор

Жүргізуші:

Мың бұралған ақ қайындай

Бишелер шықсын ортаға.

Ал ендеше қол соғайық,

Қошеметпен қолқала.

Би «Жастық шақ» орындайтын қыздар.


Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.-дей отыра сіздерге арналған тақпақтары қабыл алыныздар!


Наурыздың сегізі,
 Сұлулықтың негізі.
 Әдемі сөз баланың, Балауса
 Анаға айтар лебізі.
 
 
 

Әр сөзімді жаттаған,
 Жүрегімде сақтаған.
 Анашым деп мақтанам, 
Қайнар
 Айналайын ақ анам


Алпештеген аялаған.

Ақ сүт берген апатайым.

Салем жазып бүгін саған.

Мейрамыңмен құттықтайымын! Асылхан


Анаң болса қасында
 Басқа бақыт не керек Али
 Аналардың жүрегі
 Мейірімді ғой керемет


. Айналайын анашым,
 Әлпештеген баласын. 
Аруна
 Еміп өскен бөбекпіз,
 Анамыздың мамасын.


Жүргізуші:

Мерекеге арналады бүгін билер ,

Көтерілсін канекей,көңіл күйлер

Алдарыңызға қазір ұлдар биі.

Қол соғып демеу берер көрермендер

Би « Джентельмен»Орындайтын –ұлдар.


Мен анамды сүйемін,
 Құшағына енемін.
 Мәпелеген анамды, 
Бексұлтан
 Қуантсам деп келемін.
 
 Бүгінгі көктем күнінде,
 Барлық адам қуанар, 
Парасат
 Аналарды мейраммен
 Құттықтайды балалар.
 
 Мені жақсы көреді
 Күндей күліп келеді
 Көп ертегі біледі 
Құрмет
 Маған айтып береді 


 Ән «
Ана жаным»-орындайтын Шағала тобы

Анамды мен жақсы көрем,
 Айтқан тілін алып жүрем. Бексултан
 Қасымда анам жүргенде,
 Шаттанып ойнап- күлем!
 
 

Ана біздің күніміз
 Ананың біз гүліміз
 Балаларды қуантып Аяна
 Ұзақ өмір сүріңіз.
 
 
 
 Сенен өскен балалар,
 Батырлар мен даналар,
 Құттықтаймын мерекеңмен, Амина

Құрметті Аналар!


Қызықтап әр сөзімді

Жүрегінде сақтаған,

Сабырлы да төзімді

Анашыммен мақтанам Айша


Бізге қарап елжіреп,

Сүйіп беттен ақ мамам,

Құшақ ашса келші деп,

Жүгіремін шаттанам. Айсултан
 
 
Ән: «Ақ дидарлы анашым


Аналарды сүйеміз
 Ақылын ойға түземіз
 Әжені де ардақтап Мухаббат
 Әдеппен бас иеміз.
 
 Ақ анашым, аппағым,
 Өзің жайлы тақпағым
 Өзің жайлы әнім де,
 Арнадым саған бәрін де Айбар


Көктем келді шуақты,
 Балаларды қуантты. Мейірлі
 Алақай-ау, алақай!
 Құстар сайрап, гүл атты!
 
 

Көктем келді жадырап
 Күн нұрымен таласып,
 Жайнай берші жарқырап Әлібек
 Жаны жайсаң аналар!
 
 Апатайым анашым
 Ақылы мол данасың Е.Мадина
 Қамқоршысы баланың
 Гүлі сенсің әр үйдің.

Би «Вальс»


Жүргізуші:Тамаша,міне көрдіңіздерме біздің балалар өнерлі әнші, және өсіп жатқан артистер!

Біз сыйлықты дүкенен сатып алмаймыз.

Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.

Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!

Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер. ( балалар гүлдерімен ортаға шығады

Аналар,әжелер біздің ұлдар текқана аналарға емес және қыздарға да сыйлықтар дайындаған,соны табыс етуге рұқсат етіңіздер.


Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.














Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив