Педагогтер, балалар мен ата-аналардың қатысуымен «Ана-тілің арың бұл» атты өлеңдерді, ертегілерді, әңгімелерді мәнерлеп оқу челленжі » ГККП "Ясли сад №149"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№149 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 382-84-61
Әдіскер:
+7(727) 382-84-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогтер, балалар мен ата-аналардың қатысуымен «Ана-тілің арың бұл» атты өлеңдерді, ертегілерді, әңгімелерді мәнерлеп оқу челленжі
09
қыркүйек
2021

Педагогтер, балалар мен ата-аналардың қатысуымен «Ана-тілің арың бұл» атты өлеңдерді, ертегілерді, әңгімелерді мәнерлеп оқу челленжі

Педагогтердің, балалар мен ата - аналардың қатысуымен 

«Ана тілің - арың бұл» атты өлеңдер, ертегілер, әңгімелерді мәнерлеп оқу челлендж өткізу туралы


ЕРЕЖЕ 


  1. Жалпы ережелер

Осы Ереже педагогтердің, балалар мен ата-аналардың қатысуымен «Ана тілің-арың бұл» челлендж (бұдан әрі-Челлендж) ұйымдастыру тәртібі мен өткізу шарттарын айқындайды.

         Челлендж «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының (бұдан әрі – Орталық) 2021 жылға арналған  жұмыс жоспарына сәйкес және Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай өткізіледі.

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды көркем сөз арқылы туған елінің тарихына деген мақтаныш, құрмет сезімін тәрбиелеу.

Міндеттері: 

     - мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттері мен сөйлеу белсенділігін дамыту;

     - өлең оқу кезінде көркем-сөйлеу орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;

     - ата-аналар қауымдастығын білім беру қызметіне тарту;

     - бала тәрбиесінде ата-ана мен педагог арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ету.

  1. Челлендж Ұйымдастыру Комитеті

       Челлендж ұйымдастырушылары «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы, облыстық, аудандық (қалалық) Білім басқармалары (бөлімдері), мектепке дейінгі ұйымдар болып табылады.

         3. Конкурстық материалдарды өткізу және ұсыну тәртібі

    Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Челлендж қорытындысы 2021 жылғы «10» қыргүйекте шығарылады.

    Челлендж республикалық кезеңіне қатысушыларды тіркеу үшін Білім басқармалары орталыққа келесі материалдарды ұсынуы қажет:

     1) облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының ілеспе хаты;

     2) қоса берілген нысанға сәйкес Челленджге қатысуға өтінім (1-қосымша);

    3) әр облыстан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жеңімпаздарының екіден артық емес үздік жұмыстары (жеңімпаздардың орындауымен бейнежазба);

        Материалдар челлендж «Ана тілің-арың бұл» атауымен электрондық поштаға rcdd_info_ 2021 жылғы «16» қыргүйектен кешіктірмей жіберіледі.


4.Челлендж қатысушыларына және шарттарына қойылатын талаптар

       Байқауға меншік нысанына, тәрбие мен оқыту тіліне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың 3 жастан 5 (6) жасқа дейінгі балалар қатысады.              Челлендж барысында ҚР ақындарының жеке шығармалары, сондай-ақ шығармалардан үзінділер пайдаланылуы мүмкін.

      Орындау ұзақтығы-3 минуттан аспау қажет. Орындау кезінде музыкалық сүйемелдеуді, декорацияны, костюмдерді қолдануға болады.

     Қатысушылар шығарманың және автордың атын жариялайды.

           5. Бағалау критерийлері

       Орындау деңгейі 3 балдық жүйе бойынша келесі критерийлер бойынша бағаланады:

    - таңдалған материалдың челлендж тақырыбына сәйкестігі;

    - шығарманың және автордың атын жариялай білу;

    - мәнер, іс-қимыл, арқылы әдеби шығармаға өз көзқарасын білдіре білу;

    - шығарма мәтінін білу және дұрыс айтылуы;

    - сыртқы түрінің сәйкестігі.

[media=

|Сүлеймен Заңғар (3 жас)«Ана тілің -арың бұл» Қадыр Мырза Әли]



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив